Алматы полицейлері жол ережесін бұзған мопед жүргізушісін ұстады

Сурет: Zakon.kz
Алматы полициясы травматикалық қаруы бар мопед жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда "Буран-128" патрульдік полициясының экипажы кең ауқымды рейд барысында Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында мопед жүргізушісін ұстады.

"Ол жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, инспекторлардың назарын аударды. Одан әрі атыс қаруын заңсыз сақтау дерегі анықталды. Сараптаманың қорытындысына сәйкес, мәселе атуға жарамды "ОСА" травматикалық тапаншасы туралы болып отыр. Бостандық аудандық полиция басқармасы заңсыз қару сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 33 жастағы мопед жүргізушісінің қару ұстауының шынайы себебі тергеу барысында анықталады", – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің командирі Михаил Кан.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

Әл-ауқат санатын анықтайтын калькулятор 16 қазанда іске қосылады

Қазақстанда қандай отбасылар C, D және E санаттарына жатқызылады және олар 2027 жылы жәрдемақы ала ма

Алматы тауларынан қару мен оқ-дәрі табылды

"Жаңбырдың арты қарға ұласады". Алматыда ауа райы күрт бұзылады