Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі болып Ләззат Жылқыбаева тағайындалды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімі бойынша Жетісу ауданының әкімі болып Ляззат Жылқыбаева тағайындалды.

Ляззат Жылқыбаева 1975 жылы 29 наурызда туған.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын, Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Экономика және құқық академиясын бітірген.

Еңбек жолын Алматыдағы №1 Қазақ педагогикалық колледжі тарих пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған.

2006 жылдан бастап Алматы қаласы білім басқармасының құрылымында жұмыс істеді. 2012-2016 жылдары Алматы қаласы Білім басқармасы білім бөлімінің басшысы болды. 2016-2019 жылдары Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2019 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Полиция төрт жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!