Алматы облысының полицейлері 2 млн теңгенің вейптерін тәркіледі

Сурет: Zakon.kz
WhatsApp мессенджері арқылы вейптерді заңсыз сатқандарды облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Стоп-алаяқ" ЖПІШ өткізу барысында Киберпол бөлімшесінің қызметкерлері WhatsApp мессенджеріндегі арнаны анықтады.

Арна арқылы электрондық темекі сатылып отырған.

"Тәртіп сақшылары екі миллион теңгеге электронды темекі тәркіледі. Электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату фактісі бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғады", – деді облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов.

Заңды бұзған адамға екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол көлемдегі түзеу жұмыстары не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу мөлшерінде ірі ақшалай айыппұл салынады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы