Жетісуда 3 миллион теңгенің балығын аулаған браконьер ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Рейдтік іс-шаралар барысында табиғатты қорғау полициясы 400 кг балық ресурстарын заңсыз тасымалдаған Қаратал ауданының тұрғынын ұстады.

Автокөліктің багаж бөлігін тексеру кезінде тасымалдауға тиісті құжаттары жоқ 400 келі балық анықталды. Алдын ала залал 2 800 000 теңгені құрады.

"Балық ресурстарын заңсыз аулау фактісі бойынша тергеу басталып, барлық мән-жайлар анықталып жатыр", – деп атап өтті табиғатты қорғау полициясының бастығы Ринат Парманов.

Өңір полициясы Жетісу тұрғындары мен қонақтарын табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз