Қызылордада қоғамдық орындарды ластаған 2,2 мың азамат анықталды

Сурет: ҚР ІІМ
Қызылорда қаласы полиция басқармасының тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда, көшелерде жасалатын қылмыстың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізеді.

Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы және жергілікті полиция қызметкерлері жыл басынан бері ортақ пайдаланылатын орындарды ластау дерегі бойынша 2197 тұрғынды анықтап, әкімішілік жауапкершілікке тартты.

​Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 434-2 бабының 1-бөлігімен (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Қызылорда полицейлері жалпы пайдалану орындарын, саябақтарды ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару айыппұл салуға әкеп соғатынын еске салды.

Қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін әрекетке жол беруге болмайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты