Қазақстанда 15 шілдеден бастап темекі қымбаттайды

Сурет: unsplash
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасының қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы 15 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 4 шілдедегі №419 бұйрығымен "Сүзгісі бар, сүзгісі жоқ темекілерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Келесі ең төменгі бөлшек сауда бағалары қолданылады:

2024 жылдың мамыр айының соңында Қазақстанда темекі бағасы қымбаттайтыны белгілі болды. Сол кезде 1 шілдеден бастап темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы көтеріледі деп айтылғаны рас.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекінің ең төменгі бағасы 770 теңге болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз