Қызылордада мас күйде көлік басқарған азамат ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Қызылордада "Қауіпсіз жол" іс-шарасы аясында мас күйде көлік басқарған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүргізушілердің арасындағы ең көп таралған әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірі – көлікті мас күйде жүргізу.

Осы ретте Қызылорда қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында "Қауіпсіз жол" іс-шарасын өткізіп жатыр.

Мәселен, 11 шілде күні сағат 06:20 шамасында полиция қызметкерлері ВАЗ-21115 автокөлігін Назарбаев даңғылы бойында тоқтатып, 23 жастағы қала тұрғынына тексеріс жүргізу кезінде оның алкогольді спирт ішімдігін ішкені анықталды.

Наркологиялық сараптама нәтижесі бойынша жүргізушінің "жеңіл дәрежелі" масаң күйде болғаны анықталды.

Тәртіп бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлігі айып алаңына қойылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді