Шымкентте ұландықтар жоғалған баланы туыстарына тауып берді

Сурет: ҚР ІІМ
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Шымкентте қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде адасып кеткен 5 жасар баланы байқап, оны әпкесіне тапсырды.

Оқиға 11 шілдеде кешкі сағат 20.40 шамасында болды.

Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Өркен Серікбай патрульдік қатардағы жауынгерлер Мадияр Тоқтаев пен Жахангер Жарылқаппен бірге саябақта қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметін атқару кезінде ересектердің қарауынсыз жүрген баланы байқады.

"Балаға жақындаған кезде біз оның әпкесімен бірге жүргенін және оны жоғалтып алғанын білдік. Баланы тыныштандырып, біз болған оқиға туралы әскери жасақ бойынша кезекшіге хабарладық және бірден әпкесін іздеуге кірістік. 15 минуттан кейін баланың әпкесін тауып, баланы туысына тапсырдық", – деді әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Өркен Серікбай.

Баланың әпкесі осындай әрекеті үшін әскери жасақ құрамына үлкен алғысын білдірді. Айта кету керек, бұл мұндай бірінші жағдай емес.

Жыл басынан бері ұландықтар қырағы қызметтің арқасында жоғалған балаларды бесінші рет тауып, туыстарына қайтарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі