Қазақстанда ерлер мен әйелдердің тең құқықтары ілгерілетіледі: жоспар әзірленді

Сурет: pexels
Мәдениет және ақпарат министрлігі Үкіметтің "2024-2027 жылдарға арналған ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілетуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" қаулысын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, жоспар гендерлік теңдікті ілгерілету бөлігінде бірнеше бағыттар бойынша іс-шараларды іске асыруды көздейді:

Жоспарлар: 

Барлығы 50-ден астам түрлі іс-шараларды қамтиды.

Нақтыланғандай, 2024-2027 жылдарға арналған ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілетуді қамтамасыз ету жөніндегі Үкіметтің іс-қимыл жоспарының жобасын қабылдау "ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепі лдіктері туралы" Заңды іске асыруға бағытталған.

Жоспарды іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен және шегінде, сондай-ақ республика заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте республикалық және жергілікті бюджеттерді қаржыландыру көлемі заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті қаржы жылына арналған бюджетті қалыптастыру кезінде жыл сайын нақтыланатын болады.

Құжат 29 шілдеге дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Социс-А" ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумдағы экзитпол нәтижелерін жариялады

Тоқаев: Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Референдум: үшінші экзитпол нәтижелері жарияланды

Еуразиялық интеграция институтының экзитпол нәтижелері

ҚР ІІМ: дауыс беру барысындағы қоғамдық тәртіп толық бақылауда