Қазақстанда жасанды интеллект туралы заң қашан шығады

Сурет: pixabay
16 шілдеде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев үкімет отырысында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығынан кешіктірмей Қазақстанда "Жасанды интеллект туралы" заңның пайда болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, реттеуші орта ЖИ қауіпсіз, жауапты және этикалық пайдалану үшін жағдай жасауды көздейді.

"Үздік әлемдік тәжірибеге негізделген ЖИ технологиясын дамыту мақсатында Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп, этикалық нормаларды, мемлекеттік реттеуді, жұмыс істеуінің құқықтық режимін қабылдауды көздейтін "Жасанды интеллект туралы" заң жобасы әзірленді. ЖИ объектілері, ЖИ объектілерінің жіктелуі, ЖИ саласындағы мемлекеттік қолдау және стандарттау шаралары қамтылған", - деді министр.

Қазіргі уақытта заң жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісілген, деп қосты ол.

"Жасанды интеллект туралы" заңға мемлекет басшысы 2025 жылдың бірінші жартыжылдығынан кешіктірмей қол қояды деп жоспарлануда", - деп қосты Мәдиев.

Бұған дейін сарапшы AI құралдары қазақстандық депутаттарға заң жазуға қалай көмектесетінін айтқан.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда