Қазақстан Республикасы азаматтарының, дактилоскопиялық тіркеуден өткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты:
- ҚР азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың жеке басын растау және (немесе) анықтау;
- ҚР аумағында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу және бақылау;
- жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басын растау рәсімі арқылы ҚР Мемлекеттік шекарасынан өтетін адамдарды есепке алу және бақылау.
Дактилоскопиялық тіркеудің мақсаты дактилоскопиялық ақпарат негізінде жеке басын анықтау және (немесе) растау болып табылады. Жеке басын анықтау дактилоскопиялық ақпараттың Дерекқоры бойынша сәйкестендіруді жүргізу кезінде, жеке басын растау – нақты адамның дактилоскопиялық ақпараты бойынша верификациялау жолымен жүзеге асырылады.
Өз өкілеттіктері шеңберінде дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асыруға:
- ішкі істер органдары;
- сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
- Қазақстан Республикасының шет елдерде орналасқан дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, сондай-ақ консулдық мекемелері (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері);
- көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
- ұлттық қауіпсіздік органдары қатысады.
Ішкі істер органдары дактилоскопиялық ақпарат жинауды жүзеге асырады:
- ҚР азаматының жеке куәлігін және (немесе) паспортын алғаш рет алу үшін, сондай-ақ олардың келісімімен оларды қалпына келтіру не ауыстыру үшін жүгінген ҚР азаматтары;
- ҚР азаматының паспортын алу үшін жүгінген кезде 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар;
- 16 жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар:
- ҚР-да уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсат алу үшін өтініш білдіргендер;
- алғаш рет ресімдеу кезінде, сондай-ақ қалпына келтіру, ауыстыру жағдайларында:
- шетелдіктің ҚР-да тұруға ықтиярхаты;
- азаматтығы жоқ адамның куәліктері;
- босқын куәліктері;
- жол жүру құжаты;
Сондай-ақ ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдары өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберілетін не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттар қолданылатын, он алты жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын жинауды жүзеге асырады.
Дактилоскопиялық ақпаратты жинау адамның екі қолы он саусағының және (немесе) екі қолы алақандарының папиллярлық бедерлері құрылымының ерекшеліктері туралы биометриялық деректерді дактилоскопиялау арқылы алуды және осы Қағидаларда белгіленген дербес деректердің тиісті ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтиды. Бұл ретте дактилоскопиялық тіркеуден өткен адамның дербес деректері оның екі қолының он саусағы және (немесе) алақандарының папиллярлық бедерлері құрылымының ерекшеліктері туралы биометриялық деректері "ЖБС" ААЖ-да дербес сәйкестендіргішпен байланысты болады.
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алу үшін өтініш жасаған кезде он екі жастан он алты жасқа дейінгі балалардан дактилоскопиялық ақпаратты жинау олардың келісімімен және жеке басын куәландыратын құжат және заңды өкілдің өкілеттігін растайтын құжат ұсынған кезде баланың заңды өкілінің қатысуымен және жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.
Адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын жинау ішкі істер органдарының көші-қон қызметі бөлімшелерінде, оның ішінде халықты құжаттандыруды тіркеу пункттерінде, ұлттық қауіпсіздік органдарында, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде жүргізіледі.
Жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеген кезде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіш мынадай мәліметтерді қамтиды:
- тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
- туған күні мен жері;
- жынысы;
- ұлттық тиесілігі (иесінің қалауы бойынша);
- азаматтығы;
- фотосуреті;
- қолының он саусағының папиллярлық бедері құрылымының ерекшеліктері туралы ақпарат;
- жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі;
- құжат иесінің қолтаңбасы;
- жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса);
- дактилоскопиялық тіркеу жүргізілген күн мен негізі;
- құжатты берген органның атауы;
- дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе).
Дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асыру кезінде дактилоскопиялауды уәкілетті мемлекеттік органдарда қызмет өткеретін арнайы дайындалған қызметкерлер жүргізеді.
Құжаттың толық нұсқасы қоғамдық талқылау үшін 2024 жылдың 30-шы шілдесіне дейін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылған.