Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген қостанайлық ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген Лисаков тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 шілде кешкі уақытта Астана қаласы бойынша ҰҚКД сенім телефонына дабыл қоңырауы түсті.

Белгісіз адам Лисаков қаласының балалар мектеп-интернатында жарылғыш зат қоюға ниетті екенін хабарлады. Шұғыл түрде мектеп ғимараты мен оған іргелес аумаққа тексеру жүргізілді.

Ешқандай жарылғыш заттар табылған жоқ. Қостанай ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері қоңырау шалушының жеке басын тез арада анықтады.

Ол бұрын сотталған 48 жастағы Лисаков тұрғыны болып шықты. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қаскүнем құрықталды.

Ұстау барысында ол мас күйде болып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбады. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама беру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ер адам полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін әкімшілік қамауға алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты