Қарағандыда ферроқорытпа зауытындағы апаттан зардап шеккен тағы екі жұмысшы қайтыс болды

Сурет: pxhere
Түнде Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған апаттан зардап шеккен тағы екі адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

YDD Corporation баспасөз қызметі берген ақпаратта, өкінішке қарай бүгін ауруханада біздің әріптестеріміз- технолог Қазкен Ерұлан Қайырбекұлы, балқыту цехының механигі Адамчук Дмитро және бас механик қызметінің шебері Жетпісбаев Төлеген Елеуұлы қайтыс болды. Әріптестеріміздің отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз.

Біз әріптестеріміздің жақындарына осынау ауыр кезеңнен өтуге қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

Бүгінгі таңда компания жерлеуді ұйымдастыру, ас өткізу және мазар салу бойынша барлық шығындарды өз мойнына алады, сондай-ақ отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді.

Атап айтқанда, компания келесі міндеттемелерді атқарады:

Сондай-ақ YDD Corporation барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді жалғастырып, осылайша әріптестеріміздің мүмкіндігінше тезірек өз отбасыларына оралуларына жағдай жасайды.

2024 жылдың 20 шілдесінде No1 пеште кенеттен жалын шығып, ферроқорытпа зауытының сегіз жұмысшысы әртүрлі ауырлықтағы жарақаттар алды.

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін шетелдік мамандар тартылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды