Алакөлдегі оқиға: Азаматтық авиация комитеті жаңа мәліметтерді жариялады

Ұшу қауіпсіздігіне күмәніңіз болса, ақпарат алу үшін Азаматтық авиация комитетіне және «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-ға хабарласыңыз. Сурет: Zakon.kz
2024 жылдың 29 шілдесінде Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті Алакөл көліне құлаған ұшаққа қатысты жаңа мәліметтерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы 25 шілдеде Алакөл көлінде (Ақши ауылы, Алакөл ауданы, Жетісу облысы) әуе кемесінің құлауынның салдарынан екі адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген болатын.

"Бұл әуе кемесі азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізімінде тіркелмеген, тиісінше оның ұшуға жарамдылығы сертификаты болмаған. Ұшқышта авиация персоналының қолданыстағы куәлігі жоқ. Әуе кемесінің құлау себептерін тергеумен құқық қорғау органдары айналысады." Азаматтық авиация комитеті

Әлеуметтік желілерде әуе кемелерінде, шарларда және басқа да ұшу аппараттарында әуе сапарларын жарнамалау жағдайлары жиілеп кетті.

Осыған байланысты біз барша азаматтарға үндеу жолдаймыз, - деп атап өтті Азаматтық авиация комитеті.

Әуе көлігін таңдау кезінде қауіпсіздіктің негізгі аспектілерін ескеру маңызды:

Ұшу қауіпсіздігіне күмәніңіз болса, ақпарат алу үшін Азаматтық авиация комитетіне және "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-ға хабарласыңыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Ассамблеяның басты міндеттерін атады

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтың өтетін күні белгілі болды

Тоқаев: Араздыққа алып келетін барлық арандатушылықтың жолын кесу қажет

Қостанайда ер адам көліктің ішінде өртеніп кетті

Қытай айда АЭС салуды жоспарлап отыр