Алматыда "Graff" тұрғын үй кешені соттың шешімімен бұзылады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Заңсыз салынып жатқан кезекті тұрғын үй кешені – "Graff" ТҮК соттың шешімімен бұзылды, деп хабарлайды Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы.

Бұл нысан Ерменсай ш/а, 7, 7 / 71 учаскесінде, яғни үш жер телімінде тиісті рұқсат құжатсыз салынған.

2023 жылы 20 қаңтарда басқарма тапсырыс берушіге (жеке тұлғаға) қатысты бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, әкімшілік шаралар қабылдады, ал кейінірек Бостандық аудандық сотына бұзуға талап арыз берді.

Былтыр 24 шілдеде аудандық соттың шешімімен басқарманың заңсыз құрылысты бұзу туралы талап арызы қанағаттандырылды. 2023 жылдың 19 қазанында апелляциялық сот бірінші сатылы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Нысан осы жылдың 29 шілдесінде Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен бұзыла басталды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында былтыр жыл басынан бері 40 заңсыз нысан, оның ішінде "Мечта", "KHAN", "Алма Гарден" ТҮК және т.б. толық немесе жартылай бұзылды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды