СҚО полициясы алаяқтықтың 16 дерегіне қатысы бар күдіктіні ұстады

Сурет: pixabay
СҚО-да криминалдық полицейлер ірі көлемдегі шығынға алып келген бірнеше алаяқтықты жасаған күдіктіні ұстады.

Полиция қызметкерлері СҚО Тайынша ауданының 30 жастағы тұрғыны алаяқтықтың 16 эпизоды бойынша күдікті деп танылған қылмыстық істі тергеп жатыр.

Бұрын сотталмаған ер адам ауылдастарынан алаяқтық жолмен үлкен сомадағы ақшаны иемденген. Жалпы шығын 140 миллион теңгеге жуықтады. Полицияға Тайынша ауданының тұрғындарынан 2022 жылдың жазынан 2024 жылдың мамырына дейінгі аралықта олардың ортақ танысы несиеге алған ақшаны алдап иемденгені туралы бірқатар арыз келіп түсті.

Күдікті барлық эпизодтарда болашақ жәбірленушілеріне оның ауыл шаруашылығы саласында ірі бизнесі бар екенін айтып, әртүрлі сылтаулармен оның дамуына несие алып беруін сұраған. Адамдар оның айтқанына сеніп, банктердің мобильді қосымшалары арқылы несие алып берген, кейін сол ақшаны күдікті көрсеткен шотқа аударған. Бірақ уақыт өте келе ер адам ақшаны мүлдем қайтармаған.

"СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері аудандық полиция бөліміндегі әріптестерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде алаяқтық жасады деген күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта алаяқтық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Аталған күдіктінің алаяқтықтың басқа ұқсас эпизодтарына қатысы бар болуы мүмкін", – деп нақтылады СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді