Еуроодақ елдеріне балық әкелген қазақстандыққа айыппұл салынды

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысы Қонаев қаласының сотында аса ірі көлемдегі балық өнімі "көксерке филесі" контрабандасы бойынша іс жүргізу аяқталды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік айыптаушылар 2021 жылдың қазаны мен 2022 жылдың қыркүйегі аралығында компания басшысы азамат И. браконьерден заңсыз ауланған балықты сатып алып, Еуропалық Одақтың әр түрлі елдеріне экспорттағанын дәлелдеді.

Экспортқа рұқсат алу үшін жасанды көксерке өсіруге мүмкіндігі жоқ шаруа қожалығында балықтың шығу тегі туралы жалған құжаттар пайдаланды.

Заңсыз экспортталған балық өнімдерінің жалпы құны 210 миллионнан астам теңгені құрады.

А.ж. 26 шілдесінде сот үкімімен азамат И. ҚК-нің 234-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танылып, 210 млн теңге кедендік төлемдерді мемлекет кірісіне өндіре отырып, оған бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді