БҚО-да кісі өлтірген күдікті қолға түсті

Сурет: Zakon.kz
Орал қаласында полиция қызметкерлері "оқиға ізін суытпай" әйелді өлтірген күдіктіні анықтап, қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыскердің ізін анықтауға қылмыс орнында табылған дәлелдемелер көмектесті. Оқиға орнын мұқият тексеру барысында криминалист маман бөлмелердің бірінде криминалистикалық есепке алу мәліметімен тексеру кезінде деректер базасында адамның деректерімен сәйкес келетін дәлелдемелерді тауып, тәркілеп алды. Қылмысқа барған күдікті қаза болған әйелмен көршілес тұрған Орал қаласының 28 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Сондай-ақ, оқиға орнынан басқа да заттай дәлелдемелер алынды.

Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізілуде.

Еске салар болсақ, 31 шілде күні Орал қаласындағы жер үйлердің бірінен 1957 жылы туған әйелдің зорлықпен өлтірілген мәйіті табылды.

Оқиға орнына Орал қаласы ПБ-ның жедел-тергеу тобы және басқа да полиция қызметкерлері дереу жіберілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады