Маңғыстау облысының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады

Сурет: pixabay
Түпқараған ауданының прокуратурасы 2020-2024 жылдарға кәсіпкерлік субъектілеріне жер телімдерін жалға беру заңдылығының сақталуына талдау жүргізді.

Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімімен 331 кәсіпкермен жасалған келісім-шарттарда, соның ішінде 3 инвесторге, жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың үлгілік шартында көзделмеген құқықтарға қосымша міндеттемелер мен шектеулер қойылғандығы анықталды (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №353 бұйрығымен бекітілген)

Мысалы, бекіре тұқымдас балықтарды өсіру бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатқан "Red Pearl" балық фермасы" ЖШС-мен жасалған келісімде жаңа мерзімге шарт жасасу және сатып алу құқығы түріндегі тармақтар алынып тасталған.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде кәсіпкерлік субъектілерімен жасалған 505 шарт сәйкестендіріліп, ауылдық округ әкімі және аудандық бөлім басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты