Қызылорда тұрғыны ауласында сора өсірген

Сурет: ҚР ІІМ
"Қарасора – 2024" жедел-профилактикалык іс-шарасы аясында қызылордалық полицейлер ауласында есірткі өсірген қала тұрғынын ұстады.

Қылмысқа күдіктелген азаматтың үй ауласында 127 түп сора өсімдігі анықталып, айғақ зат ретінде тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заттар жалпы салмағы 28 келі 490 грамм екендігі анықталды.

Сонымен қатар тексеру барысында үйдің ауласында орналасқан сарайдан 4 дана полиэтилен пакетіне және 1 дана кағаз қиындысына оралған өзіне тән хош иісі бар есірткіге ұқсас кептірілген шөп тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заттар жалпы салмағы 6 келі 378 грамм екендігі анықталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.

Тергеу жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды