7 тамыздағы саудада доллар күрт төмендеді

Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 7 тамызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 5,07 теңгеге төмендеп, 475,62 теңге болды.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 66,07 теңгеге (-1,13) дейін төмендеді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 475,9-478,1 теңгеге, еуро 517,5-522 теңгеге, ресей рублі 5,41-5,51 теңгеге сатылуда.

Сонымен бірге, 7 тамыздағы аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қазан айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,39%-ға өсіп, барреліне $76,78 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қыркүйектегі фьючерстері 0,45%-ға өсіп, барреліне 73,53 долларды құрады.

Ұлттық банк бұған дейін доллар бағамын 479,4 теңге, еуроны 522,93 теңге, рубльді 5,61 теңге деп белгілеген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты