Тоқаевтың шақыруымен Жапония Премьер-Министрі Қазақстанға келеді

Сурет: flickr
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, 9 тамызда Астана қаласында "Орталық Азия + Жапония" Диалогының бірінші саммиті өтеді.

10 тамыз күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида екіжақты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланып отыр.

7 тамызда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті елорда әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты