Алматы спорт басқармасының басшысы Парижде қайтыс болды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Парижде Алматы спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратты ҚР Туризм және спорт министрлігі растады.

ҚР Туризм және спорт министрінің қоғам және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріптің айтуынша, ол түнде қайтыс болған.

Алдын ала себеп — жүрек талмасы.

Ол 36 жаста болған.

Ерден Хайруллин Алматы қаласының спорт басқармасын 2022 жылдан бері басқарып келген.

2012-2019 жылдар аралығында Алмалы ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2019-2022 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Zakon.kz редакциясы отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды