Ыстық болғандықтан ашық тұрған терезеден қарағанда 2-3 адамның тұрғанын көрген. Дереу киініп, сыртқа шығады. Көрші кіреберістегі 6-қабаттың шатырындағы карнизінен ер адам секіргелі тұр екен.
"Өзім негізі үшінші подъезде тұрамын. Ілініп тұрған адамды көріп, дереу төртінші подъезге кіріп, ең жоғарғы қабатына көтерілдім. Секіргелі тұрған еркек бұл ойын жоспарлағанға ұқсайды. Себебі шатырға шығатын есікшені бекітіп тастапты. Иықпен, баспен ұрып, күшпен жұлмалап ашып алдым. Оған дейін сырттағы адамдарға полиция қызметкерлерін шақыра беріңдер деп айтып кеткем. Шатырға шығып, жиегіне қарай жақындай бастадым. Орта жастағы ер адам карнизді қолымен ұстап, ілініп тұрды. Ақырын секіруден бас тартуын өтініп, әңгімеге тарттым. Әрі сөйлесе жүріп, еңбектеп оған жақындай түстім", - деді майор Артем Горохов.
Ұландық офицер осылайша 40 сантиметрдей қашықтық қалғанда, қолынан шап беріп ұстап үлгереді. Сол ұстағаннан айрылмай, жоғары тартып, шатырдың шетінен алыстату үшін 4-5 метр жерге сүйреп әкеледі. Осы уақытта оқиға орнына полиция қызметкерлері де келген.
Жағдайды анықтау үшін өмірімен қоштаспақ болған ер адам аудандық полиция бөліміне жеткізілді.