"Қазақстан" сөзін тұңғыш рет ресми тілге енгізген Елеусіз Бұйриннің туғанына 150 жыл толды

Сурет: t.me/madenietaqparat
Бүгін алғашқы қазақ журналистерінің бірі, ақын, қоғам қайраткері Елеусіз Бұйриннің туғанына — 150 жыл, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елеусіз Бұйрин Қазан қаласына оқуға барып, сондағы мұғалімдер семинариясын бітірді. Кейін Астрахан қаласына келіп, мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берді.

Қаламгер Ш.Бөкеев, Ғ.Қарашев, Б.Қаратаев, М.Шомбалов, С.Меңдешовтермен бірігіп, 1911 жылы Ордада "Қазақстан" деген газет шығарды. Ол "Қазақстан" сөзін тұңғыш рет ресми тілге енгізді.

Бұйриннің артында қалған әдеби мұрасы — өзі шығарып тұрған "Қазақстан" газетіндегі мақалалары мен көсемсөздері және "Ызың" атты өлеңдер жинағы. Бұйрин жинаққа "Әу, қазақ!", "Азаматқа" деген екі өлеңі мен аудармасына қоса, "Қазақстан" газетінде жарияланған М.Жұмабаев, А.Мәметов, Ғ.Малдыбаев, И.Исин, т.б. ақындар өлеңдерін топтастырып берген.

Жинаққа қойылған символикалық "Ызың" атауынан көрініп тұрғандай, кітаптағы өлеңдердің негізгі идеясы — елді еңбекке, өнерге үндеу, елдікке, бірлікке шақыру, халық қамын ойлау, ұйымшылдықты мұрат ету болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі