Түркістан облысының полициясы тұрғындарды 1,2 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстады

Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысының полицейлері алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы ер азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анықталғандай, арызданушылар Instagram әлеуметтік желісіндегі жалған интернет-дүкен парақшасы арқылы алданған.

Яғни әлеуметтік инстаграм желісінде күдікті жігіт үй жиһазын жеткізетіндігін айтып, сенімдеріне кіріп, 4 бірдей тұрғынды алдап үлгерген.

Онда жалған парақшасында жиһаз сатып, жеткізіп беретінін хабарлап, тұтынушыдан алдын ала төлем жасауын сұраған.

Ал ақшаны алғаннан кейін, сол күйі кері байланысқа шықпаған. Жәбірленушілерге 1,2 млн теңге шығын келтірген. Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады