Алматы облысында көші-қон ережесін бұзған 175 шетелдік анықталды

Сурет: ҚР ІІМ
Өткен демалыс күндері Алматы облысының полицейлері көші-қон заңнамасын бұзған азаматтарды анықтады.

Полиция қызметкерлері Қарасай ауданының аумағында орналасқан үш кірпіш зауыты мен "Алтын Орда" сауда-логистикалық орталығын тексерді.

"Нәтижесінде ҚР көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 175 шетел азаматы жауапкершілікке тартылып, оның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ болғандықтан 95 адам қабылдау-тарату орнына жеткізілді", – атап өтті облыстық көші-қон қызметі басқармасының бастығы Рүстем Жарыкбасов.

Статистика көрсеткендей, шетелдік азаматтардың көпшілігі ҚР аумағына жұмыс істеу үшін кірген. Оларды еңбек қызметіне тарту мәселелері заңнамамен реттелген, осыған байланысты тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттігін еске салады.

– Отандастарымыздың тарапынан қабылдаушы тұлғалар көші-қон қызметіне шетелдіктің келгені туралы хабарлауға міндетті екенін еске саламыз. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында көшіп келушілердің келуі мен болу қағидаларының" 9-тармағына сәйкес шетелдік азаматтарды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар өздерінде болып жүрген көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарын хабардар етуге міндетті. Бұл хабарлама міндетті түрде шетел азаматы келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі. Көрсетілген мерзімді өткізіп алған және шетелдіктердің болуы туралы ішкі істер органдарына хабарламаған жағдайда, Қазақстанда қабылдаушы Жеке және заңды тұлға ӘҚБтК бойынша жауапқа тартылатынын ескертемін. Жеке және заңды тұлғалар иммигранттың келгені туралы тікелей "e-Qonaq" электрондық визалық-көші-қон порталы арқылы хабарлай алады, – деп толықтырды Р. Жарыкбасов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек