Алматыда Рысқұлов даңғылының бір аумағында жөндеу жұмыстары аяқталды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, Рысқұлов даңғылының оңтүстік жағында қозғалыс ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Естеріңізге сала кетейік, жөндеу жұмыстары 11 тамыздан бастап Рысқұлов-Кудерин жолайырығы көпірінен Рысқұлов-Бөкейханов жолайырығына дейінгі учаскеде жүргізілді.

Қалалық мобилділік басқармасының хабарлауынша, соңғы рет аталған учаскеде жөндеу жұмыстары 2014 жылы, яғни 10 жыл бұрын Алматының жол-климаттық аймағын ескере отырып, 5 жылдық нормативпен жүргізілген.

Сондай-ақ, бүгінгі күні Момышұлы көшесінің аумағын орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жұмыс 16 тамызда сағат 11.00-ге дейін жалғасады.

Бұған қоса, ертеңнен бастап 15 тамыз сағат 20.00-ге дейін жөндеу жұмыстарына байланысты Сәтбаев көшесінің Достық даңғылынан Луганский көшесіне дейінгі учаскесінде қозғалыс жабылады.

Айта кету керек, 20 магистральдық көшені жөндеу кезінде жол төсемінің беріктігін арттыруға бағытталған полимерасфальтобетон қолданылады. Жөнделген аумақтар 36 сағат бойы тиісті талапқа сай салқындап, қатуы керек.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен магистральдық көшелерді жөндеу тамыз айының соңына дейін, аудандық маңызы бар көшелерді жөндеу қазан айының соңына дейін аяқталады.

Еске сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс карталары" сервистерінде жазылған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды