Картада ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер болып тіркеліп тұр. Өзбекстан елінен қоныс аударған қандастар әкімдіктен қанша көмек сұраса да, еш нәтиже шықпаған, деп жазады qazaqstan.tv.
Бес баланың анасы Гүлжан Ерімбетованың Береке ауылына көшіп келгеніне он жылдан асқан. Содан бері өз үйіне тіркеле алмай келеді. Үй салынған жері ауыл аумағына кірмегендіктен, балаларымен бірге туыстарының үйінде тіркеуде тұр. Бәрінен де балалар ауырғанда қиналып қаламыз, — дейді жас келіншек.
"Тіркеуіміз жоқ. Қайда барсаң да балаларды да тіркей алмаймыз. Туыстардың үйіне тіркелгенбіз. Мектепке де қиналамыз. Медпунктке апаратын болсақ ол жерде де қиыншылық." Гүлжан Ерімбетова, Береке ауылының тұрғыны
Бұл Береке ауылында 600-дей үй бар, бірақ соның 250-дейі тіркелген. Қалғандары тіркелмеген. Мектебімізде бала саны көбейіп кетіп жатыр. Ал тексеріп қарағанда халықтың саны аз көрінеді. Тіркеуде жоқ. Тіркелмеген. Өйткені елдімекенде жоқ ауылымыз, — деп айтты Анарбай Еркеқұлов, Береке ауылының тұрғыны.
Ашынған халық аудан басшыларынан мәселені тездетіп шешіп беруді талап етті. Өйткені жерді заңдастыру жұмыстары он жылға жуық уақытқа созылып кеткен. Биліктің уәдесінен шаршағандар биылдан қалдырмай баспаналарын тіркеп беруді сұрады. Ал әкімдіктегілер болса көрші елден қоныстанған азаматтардың жерді заңсыз алғанын алға тартады. Сондықтан жердің мақсатын өзгерту жұмыстары созылып кеткенін мойындады.
"Қазір біз елдімекеннің шегін кеңейту бойынша мәслихат пен әкімдіктің бірлескен шешімін қабылдадық. Ол құжаттардың барлығы Жер кадастр департаментінде жатыр. Астанаға жіберілді. Сол жақтан картасының барлығы бекітіліп келетін болса, одан кейін құжаттандыру мәселесімен айналысатын боламыз." Арман Абдуллаев, Сарыағаш ауданының әкімі
Алайда аудан әкімі Берекедегі барлық үйдің бірдей заңдастырылмайтынын ескертті. Яғни 2020 жылдың 1-ші қаңтарына дейін үй салып тұрып жатқан азаматтарға ғана баспанасының тіркелгені туралы құжат беріледі. Одан кейін салғандар құжатсыз қалуы мүмкін. Қалай болғанда да ауыл тұрғындары биліктің оң шешім қабылдайтынына сеніммен қарап отыр.