Полицейлер алаяқтардан қорғанудың тиімді жолын айтты

Сурет: ҚР ІІМ
Алматыдағы "Киберпол" интернет пен телефон алаяқтығының көбейіп бара жатқанын ескертті.

Қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында азаматтарға "eGov mobile" мобильді қосымшасында немесе "eGov.kz" порталында несие мен шағын несие алудан ерікті түрде бас тарту туралы өтініш беруді ұсынады.

Несиелер мен шағын несиелерді рәсімдеуге тыйым салу 6 айға белгіленеді және мерзімі өткеннен кейін автоматты түрде жойылады.

Сондай-ақ бұл шектеулерді кез келген уақытта өтініш беру арқылы жоюға болады.

Несие алудан ерікті түрде бас тарту қызметі "eGov mobile" мобильді қосымшасының басты бетіндегі танымал қызметтер бөлімінде қолжетімді.

"Осыған ұқсас қызметті "eGov.kz" порталының Азаматтар – Кеден және салықтар – Экономика және қаржы бөлімінде де алуға болады", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды