Алматыда заңсыз кафе мен сауда алаңдары сүрілді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы соттың шешімімен Вильямс көшесі, 73 мекенжайындағы ірі қосымша құрылыстың бұзылғанын хабарлайды.

Бұрын басқарма меншік иесіне (жеке тұлғаға) қатысты жоспардан тыс тексеру нәтижесінде жобалау-сметалық құжаттаманың және сараптама қорытындысының, авторлық және техникалық қадағалаулардың болмауына байланысты әкімшілік шаралар қабылдаған болатын.

Тексеру барысында меншік иесі экономикалық әдіспен мансарда мен коммерциялық үй-жай салғаны анықталды.

Меншік иесі жіберілген бұзушылықтарды жоюға берілген нұсқаманы орындамады және басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына бұзуға талап арыз берді.

Осы жылдың 7 наурызында соттың шешімімен басқарманың талап-арызы қанағаттандырылды.

Меншік иесі нысанды сот орындаушыларының қатысуымен өз бетінше бұзды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 45 заңсыз нысан, оның ішінде "Мечта", KHAN, "Алма Гарден" тұрғын үй кешендері және т.б. толық немесе жартылай бұзылған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы