Ақтөбеде тұрмыстық техника сататын дүкенге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Ақтөбеде полиция тұрмыстық техника сататын дүкеннен ұрлық жасады деген күдікпен қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдікті түнде дүкеннің металл торының шыбықтарын итеріп, пластикалық терезесін қысып ашып, ұрлық жасаған.

37 жастағы күдіктінің олжасы 6 телефон және 1 ноутбук болды.

Келтірілген шығын 3 млн тенгеден асты. Ұрлық жасағаннан кейін күдікті ұрланған заттардың бір бөлігін сатып үлгерген, ал бір бөлігін полиция оның тұрғылықты жерінен тәркіледі.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

"Көктайғақ болып, үсік жүреді". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қызылордада шетелдік көлік қолында нәрестесі бар әйелді қағып, оқиға орнынан ізін суытқан