Павлодар облысында түнгі уақытта көшеде жүрген жасөспірімдердің ата-анасы жауапқа тартылды

Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында жыл басынан бері түнгі уақытта үйдес тыс жерде жүрген кәмелетке толмағандардың 1861 ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері сағат 22:50-де қала кафелерінің бірінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз екі кәмелетке толмаған баланың болу фактісін анықтады.

Кейінірек караоке-клубта түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген жасөспірім табылды.

"Сағат 23:00-де 18 жасқа дейінгі балалар үйде болуы керек және темекі шегетін караокеде отырмауы. Ата-аналар балаларының денсаулығы мен өміріне жауапты. Кәмелетке толмаған баланың түнгі уақытта ата-анасыз ойын-сауық мекемесінде болғаны үшін тек ата-аналар ғана емес, ойын-сауық мекемесінің иелері де жауапқа тартылады. Тек осы жылдың өзінде 58 мекеменің иелеріне жаза қолданылды, материалдар сотта қаралды", – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина.

Жастардың тағы бір көп шоғырланатын орны – Орталық жағалау. Мұнда түнгі уақытта кәмелетке толмағандарды ұстау тұрақты жүргізіледі.

Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты барлық факті бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Полицейлер аймақ тұрғындарына кәмелетке толмағандардың үйден тыс жерде жүруінің арты жақсы болмауы мүмкін екенін еске салды. Полиция қызметкерлері балаларды назардан тыс қалдырмауға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді