Астанада тағы бір автобус жолағы ашылады

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астанада 20 тамызда тағы бір автобус жолағы ашылады. Ол Әл-Фараби даңғылы бойында Ұлы дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралығында екі бағытта іске қосылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазіргі уақытта бұл - қарқынды өсіп келе жатқан аудандардың бірі. Бұл көшемен 5 бағдар (№№ 15, 28, 35, 58, 84) бойынша күніне 80 автобус жүреді. Bus Lane жедел жәрдем қызметі, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру көліктерінің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қоғамдық көліктер қозғалысының жол жүру уақытын, аралықты, аялдамаларда жолаушылардың автобустарды күту уақытын қысқартуға ықпал етеді", делінген әкімдік хабарламасында.

Бұған дейін Bus Lane жолағы Мәңгілік ел даңғылында пайда болған еді.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады