Алматыда биыл мопедтердің қатысуымен 359 ЖКО болды

Сурет: Zakon.kz
Алматы полициясы көктемгі-жазғы кезеңде көліктің жекелеген түрлерінің қозғалысын бақылауды күшейтетіні, бұл қаладағы жол-көлік оқиғасы деңгейіне әсер ететіні туралы бұған дейін бірнеше рет хабарланған болатын.

Біз баламалы көлік туралы айтып отырмыз, оның тұжырымдамасына мопедтер, мотоциклдер, скутерлер, самокаттар және т.б.кіреді.

"Тәжірибе көрсеткендей, мопедтер мен электросамокаттарды тізгіндеген адамдардың саны көбейіп, соның салдарынан, олардың қатысуымен жол қозғалысы ережелерін бұзу саны артқан. Баламалы көлік түрлерін жүргізетін адамдардың ҚР ЖҚЕ бұзу деректерін анықтау бойынша жұмыс күшейтілді. Осылайша, алдын алу шараларының бір күнінде алдыңғы шептегі бөлімшелер мопед жүргізушілері жасаған 150-ден астам ҚР ЖҚЕ бұзу дерегін анықтады", – деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Спикердің айтуынша, Алматыда жыл басынан бері мопедтер мен электросамокаттардың қатысуымен 359 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 364 адам зардап шексе, тағы алтауы көз жұмды.

"Сонымен қатар барлық жерде мотокөліктер мен самокат пайдаланушыларымен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Рейдтік іс-шаралардың мақсаты – мопедтер мен самокаттардың жүруіне тыйым салу емес, жеке жауапкершілікті еске түсіру, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақыру және көлік жүргізу мәдениетіне тәрбиелеу", – деді Серік Шумаев
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік