Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салынды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салынды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.

Тиісті бұйрық бүгіннен бастап күшіне енді. Себебі биыл жарты жылдың өзінде 1,3 млн тонна бидай сырттан кірген.

Бұл өткен жылдың бір жылдық көлеміне тең.

Ал Қазақстанның ішкі нарығында өткен жылғы егіннің бидай қоры жеткілікті, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазір қамбада 5 млн тоннадан аса бидай бар. Оның үстіне биыл астықтың жақсы өнімділігі болжанып отыр.

Сондықтан ішкі нарықты қорғау және кері экспорттау фактілерін болдырмау мақсатында ел аумағына көліктің барлық түрімен бидай әкелуге тыйым салынбақ.

Тиісті бұйрық 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін