Алматыда Тұрғыт Өзал көшесінің бір аумағы біраз уақытқа жөндеуге жабылады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тұрғыт Өзал көшесінің бір учаскесіне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

22 тамыз сағат 23:00-ден 24 тамыз сағат 07:00-ге дейін Райымбек даңғылынан Төле би көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Түркебаев пен Ислам Кәрімов көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлап алуыңызды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен "Яндекс карталар" сервистерінде жазылған.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды