Сауалнама қанша адамның АЭС салуды қолдайтынын көрсетті

Сурет: pixabay
Халық АЭС салу идеясына қалай қарайды – әлеуметтік сауалнаманың нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша 2024 жылғы 7-18 тамыз аралығында телефон арқылы сауалнама жүргізілді.

Іріктемелі жиынтық көлемі 1200 респондентті құрады. Сауалнамаға 17 облыстан және республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан респонденттер қатысты.

Жалпы, сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі (53,1%) АЭС салу идеясын қолдайды. АЭС салу идеясын қолдайтындар оған үлкен үміт артады, соның ішінде 2030 жылға қарай электр тапшылығы мәселесі шішіледі деп сенеді.

АЭС салу идеясының қарсыластары (32,5%) негізінен ықтимал апаттар мен олардың қоршаған ортаға тигізетін зардаптарына алаңдаушылық танытады.

Сонымен қатар әрбір оныншы респондент (14,4%) өз таңдауын әлі жасаған жоқ.

Сондай-ақ, респонденттердің жартысы (51,0%) өздерін АЭС құрылысына қатысты референдумда "қолдау" немесе "қарсы" деп дауыс беру үшін жеткілікті ақпарат пен білім деңгейіне ие деп санайды. Респонденттердің тағы 12,2%-ы толық емес ақпаратқа ие екенін мойындайды.

Сауалнамаға қатысқандардың 31,6%-ы мүлдем ешқандай ақпаратқа ие емес, ал 5,2%-ына жауап беру қиынға соқты.

Сауалнама барысында респонденттердің 42,6%-ы АЭС салу мәселесі бойынша референдумға қатысуға толыққанды ниет білдірді. Тағы 16,4%-ы қатысу мүмкіндігін айтты.

Респонденттердің 25,3%-ы референдумға қатыспауды жоспарлайды, 8,9%-ы шамасы қатыспайды, ал 6,8%-ы жауап беруге қиналды.

Бұған дейін Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жария талқылаулар аяқталғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс