Полиция мал ұрлығымен айналысқан адамдар тобын ұстады

Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Сарыағаш ауданының аумағында мал ұрлығымен айналысқан адамдар тобының қылмыстық әрекетін тоқтатты.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 3 күдіктіні ұстады.

Олардың біреуі сатып алушы болған. Олардың барлығы мал ұрлығының 3 фактісіне қатысы бар Сарыағаш ауданының тұрғындары. Жалпы шығын көлемі 1,5 миллион теңгеден асты.

Мәселен, осы жылдың жазында күдіктілер оңай пайда табу мақсатында жергілікті тұрғынның ауласына кіріп, қорада тұрған жылқысын ұрлап кеткен.

Содан кейін олар ұрланған жылқыны сатып алушыға өткізіп, ал ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Тінту кезінде полиция ұрланған жылқыны тәркіледі.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде және барлық мән-жай анықталады.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы