Жамбыл облысының прокурорлары 19 мыңнан астам тұтынушының құқықтарын қорғады

Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысы Талас ауданының прокуратурасы Талас ауданы әкімдігінің "Игілік" көпсалалы коммуналдық кәсіпорны ШЖҚ КМК-да аудан тұрғындарын коммуналдық қызметтермен (жылу энергетикасы, кәріз ыстық/суық сумен жабдықтау жүйесі) қамту бөлігінде талдау жүргізді.

Нәтижесінде 19 393 тұтынушының құқықтарын шектеу фактісі анықталды.

Атап айтқанда тұтынушылармен шарттар жасасу кезінде типтік міндеттемелерді мәтіннен алып тастағандықтан соңғылардың құқықтары бұзылды.

"Мәселен, шарттың екінші бөлігінде кәсіпорынның тәулік бойы жұмыс режимі үлгілік құжаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды." Жамбыл облысының прокуратурасы

Сондай-ақ тұтынушылардың сапа, денсаулық және мүлік қауіпсіздігін реттейтін құқық нормалары белгіленбеген.

Тиісінше тұтынушылар жеткізушінің заңсыз әрекеттеріне шағымдану құқықтарынан шектелген.

Аудан прокуратурасы анықталған заң бұзушылық фактілері бойынша аудан әкімдігіне ұсыну енгізді.

Нәтижесінде шарт талаптары сәйкестендіріліп, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды