Астанада полиция тұрғынды сан соқтырған интернет-алаяқты ұстады

Сурет: ҚР ІІМ
Елорда полициясы қала тұрғынын алдаған интернет-алаяқты анықтады. Ол Instagram желісіндегі парақшасы арқылы тиімді көтерме бағамен киімдерге ұсыныс жасап, жәбірленушіні алдап 200 мың теңгеден астам ақшасын алған.

Алаяқ, жоқ киім-кешекке төлем жасату үшін, дүкеннен алтын сатып алуға келісіп, ақша аудару үшін өзінің деректемелерін көрсетудің орнына, жәбірленушіге алтын сатушының шотының деректемелерін берген.

Төлем жасалғаннан кейін алаяқ бұйымдарды курьердің жеткізуі арқылы алған, бірақ жәбірленушінің киімін жіберудің орнына із түзсіз жоғалған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында, полиция қызметкерлері 21 жастағы ер жігітті анықтады. Ол жасаған қылмысын мойындады. Интернет-алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз