Алматыда заңсыз салынған кезекті көлік жуатын нысан бұзылады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы сот шешімі бойынша көлік жуу объектісін бұзудың басталғаны туралы хабарлайды.

Бұрын бұл нысады Қалқаман ш/а-да, Төле би көшесі (Машана), 308/54 үй, рұқсат құжаттары болмаса да меншік иесі (жеке тұлға) тұрғызған.

Басқарма Әуезов аудандық сотына нысанды бұзу жөнінде талап арыз берді.

2024 жылғы 11 қаңтарда Әуезов аудандық сотының ұйғарымымен талап қанағаттандырылды.

2024 жылғы 24 сәуір Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды.

​​​Нысанды бұзу Әділет департаменті сот орындаушыларының көмегімен басталды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 46 заңсыз нысан, оның ішінде "Мечта", "KНАn", "Алма Гарден" тұрғын үй кешендері және басқалары толығымен немесе ішінара бұзылған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды