Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,72 теңгеге төмендеп, 480,59 теңгені құрады.
Қытай юанінің бағамы 0,32 тармаққа төмендеп, 67,59 теңгені құрады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 480,3-482,3 теңгеге, еуро 535,5-540 теңгеге, ресей рублі 5,17-5,27 теңгеге сатылуда.
Ал 27 тамыздағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қараша айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,34%-ға төмендеп, барреліне $80,09 құрады.
NYMEX электрондық саудасында қазан айындағы WTI мұнай фьючерстері 0,43%-ға төмендеп, барреліне 77,09 долларды құрады.
27 тамыз күні таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 483,65 теңге, еуроны 540,29 теңге, рубльді 5,27 теңге деп бекітті.