Алматыда Қалдаяқов көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Фото: Zakon.kz
Қалдаяқов көшесінің бір бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

29 тамыз күні сағат 23.00-ден 31 тамыз күні сағат 11.00-ге дейін Мақатаев көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады.

Бұл аумақты Мүслім мен Ришат Абдуллиндер көшесі, Гоголь және Төле би көшелерімен, сондай-ақ Зенков пен Қайырбеков көшелері арқылы айналып өтуге болады.

30 тамыз күні сағат 23.00-ден 1 қыркүйек күні сағат 11.00-ге дейін Төле би көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Зенков, Ришат және Мүслім Абдуллиндер көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Жөнделп жатқан аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен "Яндекс карталар" сервистерінде жазылған.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды