Биыл елордада 15 жаңа мектеп ашылды

Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Астанада 1 қыркүйекте 28 мың бүлдіршін 1-сыныпқа барды. Биыл елордада 15 жаңа мектеп ашылды. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін алғашқы қоңырау мектеп табалдырығын енді аттаған 28 мың оқушыға арнап соғылды! Мектеп оқушыларының алдында маңызды міндет тұр – баға үшін емес, білім үшін оқу! Тынымсыз еңбекпен ғана үлкен табысқа жетуге болады. Алда сіздерді өмірдің жаңа әрі жауапты кезеңі күтіп тұр! Бүгін Сарыарқа ауданында жаңадан ашылған №106 жайлы мектепке бардым. Ол екі ауысымда 4 мың оқушы орнына есептелген. Қалада 1 қыркүйек күні 15 жаңа мектеп ашылды. Олардың тоғызы Мемлекет басшысының "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында, тағы екеуі – мемлекеттік және төртеуі – жекеменшік мектеп. Аталған оқу орындары екі ауысымда 28 мың оқушы орнын ашуға мүмкіндік берді", деп жазды Жеңіс Қасымбек Instagram-дағы парақшасында.

Оның айтуынша, жаңа мектептер үш ауысымды бес мектептің және тығыздалығы жоғары төрт мектептің қиындықтарын шешуге мүмкіндік береді.

"Сонымен қатар, жыл соңына дейін тағы сегіз мектеп ашамыз. Оның алтауы "Жайлы мектеп" жобасы бойынша. Мектептер қаланың барлық ауданында орналасқан. Білім күні құтты болсын! Өзіңізге және өз күшіңізге сенім артыңыз. Жол көрсетіп, бағыт-бағдар беретін ұстаздарыңыз үнемі жандарыңызда болады". Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек

Тоғыз жайлы мектеп мына мекенжайларда орналасқан:

Айта кетсек, 1 қыркүйекте ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Астанадағы №101 орта мектептегі алғашқы қоңырау шарасына қатысты. Білім ошағы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында биыл бой көтеріп, қолданысқа енгізілген.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыдағы оқу-жаттығу кезінде полицейлер зардап шекті