Қазақстанда ірі және ұсақ малдың асыл тұқымды аналық басын экспорттауға тыйым салынды

Сурет: Zakon.kz
Ауыл шаруашылығы министрінің қызметін атқарушы және Қаржы министрінің 2024 жылғы 27 тамыздағы "Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрығы бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алты ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан асыл тұқымды ірі қара және ұсақ малдың аналық басын әкетуге тыйым салу енгізілсін", — делінген құжатта.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі қабылданған шаралардың қолданылуы туралы заңнамада белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етуге міндеттелді.

Бірлескен бұйрық 2024 жылғы 13 қыркүйекте күшіне енеді.

Қазақстанда бұқалар мен қошқарларды экспорттауға шектеуді ұзартуды жоспарлап отырғанын айттық.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты