Алматыда қыркүйектің ортасына қарай Құрманғазы көшесіндегі қозғалыс қайта ашылады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұған дейін Пушкин көшесінен Достық даңғылына дейін және Достық даңғылынан Зенков көшесіне дейінгі Құрманғазы көшесіндегі шектеулер қыркүйектің ортасына дейін ұзартылды.

Мердігер ұйым темірбетон бұйымдары мен құбыр өнімдерін шығаратын зауыттардың жоғары жүктемесіне байланысты құрылыс материалдарын жеткізуге және құрылыс-монтаж жұмыстарының мерзімін ұзартуға әсер еткендіктен, жөндеу жұмыстарын ұзартуға мәжбүр болды.

"Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Мердігер ұйым учаскені абаттандыруға кірісті, бұл жұмыстарды ауа райының жағдайларын ескере отырып, қыркүйектің ортасына дейін аяқтау жоспарланып отыр." "Алматы жылу желілері" ЖШС

Естеріңізге сала кетейік, жоғарыда аталған аумақта ұзындығы 305 метр болатын жол бөлігінің астынан өтетін құбыр желісін қайта құру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілді. Құбыр 1986 жылы пайдалануға берілген, ал соңғы 5 жылда онда 10-ға жуық зақым жойылған.

Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі