Шымкентте полицейлер ішінде жарты млн теңгесі бар жоғалған сөмкені тауып, иесіне қайтарды

Сурет: pixabay
Шымкент полициясына қомақты ақша салынған сөмкесін жоғалтқаны туралы Түркістан облысының тұрғыны арызданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адамның айтуынша, ол барсеткасын автокөлік жолында түсіріп алған болуы мүмкін.

Хабарлама бойынша жедел басқару орталығының инспекторлары көшедегі бейнебақылау камераларындағы жазбаларды толық қарап шығып, ер адамның қозғалыс бағытын тексерді.

Нәтижесінде сөмкені сол жолдан жүріп өткен көліктің жүргізушісі алып кеткені анықталды. Автокөлікті тауып, тоқтату үшін патрульдік полиция полкінің қызметкерлері бағытталды.

Осылайша, екі сағат ішінде тәртіп сақшылары жоғалған сөмкені тауып, ішіндегі ақшасымен бірге иесіне қайтарып берді.

Түркістан облысының тұрғыны құқық қорғаушыларға жедел жұмысы мен адалдығы үшін шын жүректен ризашылығын білдірді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бүгін түндердің сұлтаны - Қадір түні: дұғалар мен амалдар жиынтығы

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Тоқаев референдум ашық әрі әділ болғанын айтты

Тоқаев: Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Рамазан-2026, Ораза және Құрбан айт: Қазақстандағы діни мерекелер кестесі жарияланды