Есірткі дайындау кезінде ұсталды: ҰҚК арнайы операцияның кадрларын көрсетті

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Тағы бір есірткі зертханасының жойылғаны туралы 2024 жылдың 5 қыркүйегінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, тамыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті Шымкент қалалық прокуратурасымен келісе отырып, синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана қызметінің жолын кескен.

Есірткі заттарының кезекті партиясын дайындау кезінде екі шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

"Шамамен 4 кг "мефедрон" психотроптық заты, 50 литр прекурсор, шетелвалютасында ақшалай қаражаттың ірі сомасы, сондай-ақ "синтетика" дайындауға арналған зертханалық жабдық алынды." ҰҚК баспасөз қызметі

Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік