Алматының Бостандық ауданының инженерлік инфрақұрылымы қалай дамып жатыр

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл шілде айында Жароков, Науаи, Тимирязев, Сәтбаев, Марков көшелері мен Алмагүл шағын ауданында 6,3 км су құбырды жаңғырту жұмыстары аяқталды. Бұл 80 мыңға жуық аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы жылдың қазан айында Жандосов, Бұқар Жырау, Тимирязев көшелері мен Орбита-2 шағын ауданында тағы 1 км су және кәріз желілерінің жаңғырту жұмыстары аяқталады.

2025 жылдың ІІ тоқсанында Ерменсай шағын ауданын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін жаңа су жинағыштың құрылысы жоспарланып отыр. Сондай-ақ сол кезеңде Нұрлытау шағын ауданында 62 км су және 34 км кәріз желілерін салу басталады. Бұл жобалар Бостандық ауданының оңтүстік бөлігіндегі 25 мыңнан астам тұрғынды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, жылыту маусымы басталғанға дейін Қожанов, Серкебаев, Есқараев, Байқадамов, Жандосов, Манас, Байзақов көшелерінде және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағында 5,3 км жылу желілерін қайта жаңарту аяқталады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыдағы оқу-жаттығу кезінде полицейлер зардап шекті